Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 159 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 7307 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Р. Анбаев

  Қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 19 сәуірдегі
  № 159

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2017 жылғы 14 қарашадағы № 385 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 болып тіркелген).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 385 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 28 наурыздағы № 108 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5272 болып тіркелген).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 385 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы № 422 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5698 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады