Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 120 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 маусымда № 5449 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы əкімдігінің 06.04.2020 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабы 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабы 6) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 82 қаулысының (2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4729 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ________ № ___ қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Атамекен Агро Тимирязево" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

148

3%

4


Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 19 июня 2019 года № 120. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 21 июня 2019 года № 5449. Утратило силу постановлением акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 6 апреля 2020 года № 62

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 06.04.2020 № 62 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", подпунктом 6) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", Правилами квотирования рабочих мест для инвалидов, утвержденными Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №14010), акимат Тимирязевского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Тимирязевского района Северо - Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления, направление его копии в бумажном и электронном виде на государственном и русском языках в Северо - Казахстанский региональный центр правовой информации - филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Тимирязевского района после его официального опубликования.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата Тимирязевского района Северо - Казахстанской области "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов" от 11 мая 2018 года № 82 (опубликовано 29 мая 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4729).

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

  Приложение к постановлению акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области № __ от "__" ________2019 года

Квота рабочих мест для инвалидов

Наименование организации

Количество рабочих мест

Процент квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоте (человек)

Товарищество с ограниченной ответственностью "Атамекен Агро Тимирязево"

148

3%

4