Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №7 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімі (2015 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3220 болып тіркелген);
2) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі №5 "Төтенше жағдай жариялау туралы" шешімі (2019 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5337 болып тіркелген).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.