Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 359 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/6 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Молодая Гвардия ауылын қайта атау туралы" шешіміне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігінің "Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 284 қаулысына (2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5113 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшада реттік нөмірі 29 жолдағы "Молодая Гвардия ауылы" деген сөз "Жас Ұлан ауылы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Оспанов |