Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 145 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 тамызда № 5527 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 16.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 - бабының 9 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 16.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2017 жылғы 29 тамыздағы № 160 (2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4313 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жариялауға жатады және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      әкім Н. Есимов

  2019 жылғы "2" тамыздағы № 145
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданының әкімдігінің қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 16.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) мүгедек балаларды және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;

      3) ауылдық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      4) аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      5) аккомпаниатор;

      6) библиограф;

      7) кітапханашы;

      8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      10) музыкалық жетекші;

      11) режиссер;

      12) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      13) редактор (негізгі қызметтер);

      14) хореограф;

      15) дыбыс операторы.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области

Постановление акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 2 августа 2019 года № 145. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 5 августа 2019 года № 5527.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 16.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 18, пунктом 9 статьи 139 Трудового Кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, акимат района Шал акына Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 16.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу постановление акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области" от 29 августа 2017 года №160 (опубликовано 4 октября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4313).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2019 года.

      аким Н. Есимов

  Приложение
  к постановлению акимата
  района Шал акына
  Северо-Казахстанской области
  от "2" августа 2019 года
  № 145

Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Шал акына Северо-Казахстанской области

      Сноска. Перечень в редакции постановления акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 16.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 21.12.2023 № 270 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Должности специалистов в области социального обеспечения:

      1) заведующий отделением надомного обслуживания, являющийся структурным подразделением организации районного значения;

      2) консультант по социальной работе;

      3) социальный работник по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах;

      4) социальный работник по уходу за престарелыми и лицами с инвалидностью;

      5) социальный работник по уходу за детьми с инвалидностью и лицами с инвалидностью старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями.

      2. Должности специалистов в области культуры:

      1) руководитель (директор) коммунального государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      2) заместитель руководителя (директора) коммунального государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      3) руководитель коммунального государственного учреждения и государственного казенного предприятия сельского значения;

      4) заведующий (руководитель) методическим кабинетом, библиотекой коммунального государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      5) аккомпаниатор;

      6) библиограф;

      7) библиотекарь;

      8) культорганизатор (основных служб);

      9) методист всех наименований (основных служб);

      10) музыкальный руководитель;

      11) режиссер;

      12) художники всех наименований (основных служб);

      13) редактор (основных служб);

      14) хореограф;

      15) звукооператор.