ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 145 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5527 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі |
Р. Смагулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихаты
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің
маманы;
5) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) ассистент.
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;
3) ауылдық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
4) аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);
5) аккомпаниатор;
6) библиограф;
7) кітапханашы;
8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
10) музыкалық жетекші;
11) режиссер;
12) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
13) редактор (негізгі қызметтер);
14) хореограф;
15) дыбыс операторы.