Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі əкімінің 12.02.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 05 тамызындағы №18-29/327 ұсынысы негізінде, Жаңажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің Жаңажол ауылының Есіл, Мектеп, Байтерек және Аққайын көшелеріне, ірі қара малда бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Сулейменов |