"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27 және 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Атырау қаласы өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ХХІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысы Атырау қаласының Геолог, Бірлік, Новокирпичный ауылдары, Теңдік, № 496 разъезд және Қарабатан темір жол бекеттерімен Геолог ауылдық округі таратылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Сессия төрағасы | А. Талтенов |
Мәслихат хатшысы | Ө. Зинуллин |