Атырау облысы Атырау қаласының Геолог ауылдық округі мен ауылдарын тарату туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 44 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 304-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 наурызда № 4350 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27 және 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Атырау қаласы өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ХХІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысы Атырау қаласының Геолог, Бірлік, Новокирпичный ауылдары, Теңдік, № 496 разъезд және Қарабатан темір жол бекеттерімен Геолог ауылдық округі таратылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      Сессия төрағасы А. Талтенов
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады