Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихатының кезекті ХХХIV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 282-VI "Атырау облысы бойынша 2019-2021 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастардың тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4299 тіркелген, 2018 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (І. Баймұқанов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | І. Баймұханов |
Мәслихат хатшысы | Ө. Зинуллин |
Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 353-VI шешіміне қосымша |
Атырау облысы бойынша ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль қатынастардың тізбесі
№п/п | Маршрут атауы (маршрут нөмірі) | Маршрут түрі (атауы) | Әдістемеге сәйкес 1 жолаушыға анықталған тариф | 1 жолаушыға ұсынылатын немесе қолданыстағы тариф | Нақты және ұсынылатын тарифтер айырмашылығы | Әлеуметтік мәні бар қатынастарды 3 жылға болжамдалатын жылдарға бөлінген субсидиялау көлемі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
2019 | 2020 | 2021 | жиыны | ||||||
1 | №129 | Атырау-Құлсары | 2949 | 2000 | 949 | 200 884 320 | 200 884 320 | 200 884 320 | 602 652 960 |
2 | №110 | Атырау-Индер | 1952 | 1000 | 952 | 34 272 000 | 34 272 000 | 34 272 000 | 102 816 000 |
3 | № 104 | Атырау-Махамбет | 1274 | 500 | 774 | 27 864 000 | 27 864 000 | 27 864 000 | 83 592 000 |
4 | № 96 | Атырау-Құрманғазы | 2998 | 2000 | 998 | 70 418 880 | 70 418 880 | 70 418 880 | 211 256 640 |
5 | № 86 | Атырау-Миялы | 3072 | 2000 | 1072 | 75 640 320 | 75 640 320 | 75 640 320 | 226 920 960 |
6 | № 133 | Атырау-Мақат | 1537 | 800 | 737 | 52 002 720 | 52 002 720 | 52 002 720 | 156 008 160 |
7 | № 98 | Атырау-Аққыстау | 1238 | 600 | 638 | 22 968 000 | 22 968 000 | 22 968 000 | 68 904 000 |
Басқарма басшысы | Ә. Оразғалиев |
Бас есепші | Е. Сарсенғалиев |