"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс XXXVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ "Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 болып тіркелген, 2018 жылы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғау қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ағаштарды кесу - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң) 2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
"27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу - уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.";
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу"
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Ағаштарды кесу мынадай:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады;
6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.".
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскілерге кайта отырғызылады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Абдолов |
Мәслихат хатшысы | Ө. Зинуллин |