Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 177 "Атырау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2873 болып тіркелген, "Атырау" газетінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 39 жарияланған) шешімі;
2) Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 282 "Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 177 "Атырау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3243 болып тіркелген, "Атырау" газетінде 2015 жылғы 11 шілдеде № 76 жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХХIV сессия төрағасы | Н. Құрман |
Мәслихат хатшысы | Р. Джанглишов |