Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 15.01.2019 № 320 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 9–бабына және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 177 "Атырау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2873 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:көрсетілген шешіммен бекітілген Регламентте:
мемлекеттік тілдегі 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
"7. Атырау қалалық мәслихатының кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау қалалық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Қ. Нұрмұқанов).3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XXХIV сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы |
Б. Қазиманов |