Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 03 ақпандағы № 174 "Алушылар снатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 353 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 мамырда № 4391 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 29 маусымдағы 2020 жылғы № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 29.06.2020 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес және қалалық әкімдіктің қаулысын қарап, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 03 ақпандағы № 174 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2855 тіркелген, 2014 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы 6), 7), 8) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға;

      7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      8) Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына."

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мәслихаттың әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (С. Рахимова) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХХІХ сессия төрағасы Р. Шарипов
      Атырау қаласы
Мәслихатының хатшысы
Р. Джанглишов

О внесении дополнении в решение Атырауского городского маслихата от 03 февраля 2014 года № 174 "Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи"

Решение Атырауского городского маслихата Атырауской области от 24 апреля 2019 года № 353. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 3 мая 2019 года № 4391. Утратило силу решением маслихата города Атырау Атырауской области от 29 июня 2020 года № 506 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Атырау Атырауской области от 29.06.2020 № 506 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", c постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и рассмотрев постановление городского акимата, Маслихат города Атырау РЕШИЛ:

      1. Внести в решении Атырауского городского маслихата от 3 февраля 2014 года № 174 "Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2855, опубликованного 18 марта 2014 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие дополнения:

      Приложение 2 указанного решения дополнить подпунктами 6), 7), 8):

      "6) лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях;

      7) лица из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии;

      8) лица, ставшие инвалидами вследствии катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей."

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по отраслям социальной сферы, правопорядка и депутатской этики (С. Рахимова).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель ХХХІХ сессии Р. Шарипов
      Секретарь Маслихата города Атырау Р. Джанглишов