Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 24.05.2022 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және қалалық әкімдіктің қаулысын қарап, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі белгіленсін.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге, оқу ақысын төлеуде берешегі бар адамның жан басына шаққандағы орташа табысы есептелінген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі санаттар бойынша біржолғы әлеуметтік көмек белгіленсін:
1) жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға;
2) мүгедектерге;
3) аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге.
4. Өтініш білдірген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Атырау облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек белгіленсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 30.04.2021 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4-1. Туберкулездің әр түрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алмай) әлеуметтік көмек белгіленсін.
5. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы (бұдан әрі-АИТВ) бар балаларға республикадағы екі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек белгіленсін.
6. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мәслихаттың әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (С. Рахимова) жүктелсін.
8. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
LX cессия төрағасы | Н. Құрман |
Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы |
А. Зайдуллин |
Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымы № 506 шешіміне 1 қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 30.04.2021 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Келесі негіздер бойынша адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмай 1500 (мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі шекті мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі:
1) жетімдерге;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға;
3) қадағалаусыз қалған, оның ішінде, девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарға;
4) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болған кәмелетке толмағандарға;
5) туғаннан бастап ерте психофизикалық даму мүмкіндіктері шектеулі үш жасқа дейінгі балаларға;
6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функциялары тұрақты бұзылғандарға;
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінен шектелгендерге;
8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтындарға;
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшырағандарға;
10) баспанасыздарға (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға);
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;
12) пробация қызметінің есебінде болғандарға;
13) барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға;
14) ардагерлерге;
15) аз қамтылған отбасыларға.
2. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап азаматтар 6 (алты) ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі мүмкін.
Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымы № 506 шешіміне 2 қосымша |
Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 30.04.2021 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек табысы есепке алынбай келесідей санаттағы азаматтарға беріледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
3) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезенде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
4) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезенде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
5) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
6) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
7) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
8) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
9) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
10) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
11) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
13) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
14) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
15) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары.
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
КСР-Кеңестік Социалистік Республикалар.
Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымы № 506 шешіміне 3 қосымша |
Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы шешімдері
1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 174 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 2855 болып тіркелген, 2014 жылдың 25 наурызында "Прикаспийская коммуна" газетіне жарияланған).
2. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 288 "Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 174 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3290 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 қыркүйегінде "Прикаспийская коммуна" газетіне жарияланған).
3. Атырау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 111 "Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 174 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3841 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 11 мамырында жарияланған).
4. Атырау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 353 "Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 174 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4391 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 14 мамырында жарияланған).