"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Махамбет ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Махамбет ауданы әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 33 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4394 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы |
З. Мұқаш |