Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 33 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 4394 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 26.06.2019 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі қаулысына және "Техэксперт-Эко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі эксперттік мекемесінің 2018 жылғы техникалық қорытындысына сәйкес, Махамбет ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысы Махамбет ауданы Алға ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясы ғимаратында қауіпті жағдайдың туындауына байланысты, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Махамбет ауданы әкімінің орынбасары З. Мұқаш тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады