Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 08.09.2021 № 7-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № ХХ-9 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2820 санымен тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінде 2014 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы келесі мәтіндегі 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А. Есенжанов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы | Г. Каримова |
Мәслихат хатшысы | Т. Бейсқали |