Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 08.09.2021 № 7-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудандық әкімдіктің қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге, оқу ақысын төлеуде берешегі бар адамның жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі санаттар бойынша біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін:
1) жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға;
2) мүгедектерге;
3) аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге;
4. Орташа табысы есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі адамдарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін:
1) аз қамтылған отбасыларына;
2) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге;
3) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген тұлғаларға.
Ескерту. Шешім 4-1-тармақпен толықтырылды – Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 28.09.2016 № V-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылқоға аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (О. Жанықұлов) жүктелсін.
6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тартылады.
Сессия төрағасы | М. Сүлейменов |
Мәслихат хатшысы | Т. Бейсқали |
Қызылқоға аудандық мәслихатының 2013 жылдың 11 желтоқсандағы № ХХ-9 шешіміне 1-қосымша |
Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
1. Келесі негіздер бойынша адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі:
1) жетімдік;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.
12) аз қамтылған отбасыларына;
13) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
14) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге.
2. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап азаматтар алты ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі мүмкін.
Қызылқоға аудандық мәслихатының 2013 жылдың 11 желтоқсандағы № ХХ-9 шешіміне 2-қосымша |
Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 14.05.2021 № 4-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Табысы есепке алынбай,коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек келесідей санаттағы азаматтарға берілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ;
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар – ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
3) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер;
4) Ұлы Отан соғысы жалдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
5) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары;
6) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқада радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар;
7) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
9) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
10) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
11) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.