"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 132 "Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4603 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2018 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә. Садырға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
Қ.Қ Айтмұхаметов | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Ж.Е. Аманбаев | |
М.И. Мырзалиев | |
М.Н. Отарбаев | |
Е.Ә. Садыр | |
А.Б. Тасыбаев |