"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабы 2-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабы 2-тармақ 2)-тармақшасына сәйкес Түркістан облысы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.
1. 2019 жылдың 24 маусымынан бастап Түркістан облысының Арыс қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмiнiң 28.06.2019 № 5 шешімімен (24.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізі үшін жолданылуын;
3) осы шешімді ресми жарияланғанннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет русурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім 2019 жылдың 24 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмiнiң 28.06.2019 № 5 шешімімен (24.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ө. Шөкеев |