"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысын ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Дарбаза, Құркелес, Жартытөбе және Тегісшіл ауылдық округтерінің шекаралары:
1) Көктерек кентінің әкімшілік шекарасына Құркелес ауылдық округінен көлемі 1093,2 гектар, Жартытөбе ауылдық округінен көлемі 152,58 гектар жер бөліктерінің қосылу жолымен;
2) Дарбаза ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Құркелес ауылдық округінен көлемі 8060,05 гектар жер бөліктерін қосу жолымен;
3) Тегісшіл ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Құркелес ауылдық округінен көлемі 66,68 гектар жер бөліктерін қосу жолымен өзгертілсін.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен қаулы мен шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С. Бекенов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ. Балабиев |
Қ.Қ. Айтмұхаметов | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Ж.Е. Аманбаев | |
М.И. Мырзалиев | |
М.Н. Отарбаев | |
Е.Ә. Садыр | |
А.Б. Тасыбаев | |
А.А. Абдуллаев |