"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140 бабының 2 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Алимбетовке жүктелсін.
Әкім | Д. Махажанов |
Кентау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 634 қаулысына қосымша |
Кентау қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері
1. Қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.
2. Мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.