Кентау қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 634 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 6 желтоқсандада № 5285 болып тiркелдi

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140 бабының 2 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Алимбетовке жүктелсін.

      Әкім Д. Махажанов

  Кентау қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 634 қаулысына қосымша

Кентау қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері

      1. Қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.

      2. Мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады