"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Бәйдібек аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы: | Б. Қалаубай |
Мәслихат хатшысы: | М. Нахипбеков |
Бәйдібек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 39/241 шешіміне қосымша |
Бәйдібек аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбeсі
1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 ақпандағы № 47/259 "Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3599 болып тiркелген және 2016 жылғы 9 наурыздағы "Шаян" газетiнде және 2016 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімі;
2. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 ақпандағы № 47/259 "Бәйдібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 20/115 "Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4236 болып тiркелген және 2017 жылғы 20 қазандағы "Шаян" газетiнде және 2017 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешiмi.