Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 25.04.2019 № 39/241 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 27.09.2017 № 20/115 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 27.09.2017 № 20/115 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Б.Қалаубай |
Мәслихат хатшысы | С.Спабеков |