"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Айтбековке жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы__________ М. Мырзабаев
"_____"____________2019 жыл
аудан әкімі | Б. Танагузов |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 241 қаулысына қосымша |
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 18.11.2022 № 403 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Автомобиль жолдардың индексі | Автомобиль жолдардың атауы | Жалпы ұзындығы (шақырыммен) |
1 | КХВК-1 | КХ 7 "Бірлік-Екпінді-Шалдар-Сарқырама-Жолғабас-Кеңес"-Кеңес елді мекені | 1,5 |
2 | КХВК-2 | КХ 3 "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32"- Ақбастау елді мекені | 1,5 |
3 | КХВК-3 | М 32 "Шымкент-Самара"- Жиенқұм елді мекені | 1,2 |
4 | КХВК-4 | КХ 2 "Ұланбел-Екпінді"-Шақпақ елді мекені | 5,2 |
5 | КХВК-5 | КХ 5 "Шаян-Ағыбет-Шақпақ"-Жаңаталап елді мекені | 18 |
6 | КХВК-6 | КХ 3 "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32" - Жүзімдік елді мекені | 2 |
7 | КХВК-7 | КХ 2 "Ұланбел-Екпінді"-Тасқұдық елді мекені | 8 |
8 | КХВК-8 | КХ 3 "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32"- Мәдениет елді мекені | 4 |
9 | КХВК-9 | КХ 3 "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32" Қосбұлақ елді мекені | 5 |
10 | КХВК-10 | КХ3 "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32" Ақжар елді мекені | 10 |
11 | КХВК-11 | Ақбастау-Тұрақты елді мекені | 6,7 |
12 | КХВК-12 | Тұрақты-Қаратас елді мекені | 2,9 |
13 | КХВК-13 | КХ 3 "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32"Қаратас елді мекені | 9,5 |
14 | КХВК-14 | КХ 3 "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32"-Жоғарғы Боралдай елді мекені | 1,7 |
15 | КХВК-15 | Қаратас-Теректі елді мекені | 2 |
16 | КХВК-16 | КХ 3 "Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32" - Ақмешіт әулие | 18,4 |
17 | КХВК-17 | Мыңбұлақ-Қайнарбұлақ елді мекені | 12 |
18 | КХВК-18 | Төрткүл-Қызылжар елді мекені | 4,2 |
19 | КХВК-19 | "Ұланбел-Созақ-Екпінді" Шаян елді мекені | 3 |
Барлығы | 116,8 |