Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 27.02. 2020 жылғы № 54/335-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк көмек берiлсiн.
2. "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Е. Аманкулов |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Копеев |