Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 187 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 мамырда № 5072 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 29.05.2020 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Отырар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 наурызындағы № 40 "Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4478 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызындағы "Отырар алқабы" газетінде және 2018 жылғы 02 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсiн.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Айтаханов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 23 мамырдағы
№ 187 қаулысына
1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Отырар ауданы ұйымдарының тізімі

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскер-лердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Дәуренбек Құрманбек атындағы № 20 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

140

1

1

2

Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

163

1

1


Барлығы

303


2

 
  Отырар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 23 мамырдағы
№ 187 қаулысына
2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Отырар ауданы ұйымдарының тізімі

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскер-лердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар-Қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

94

1

1


Барлығы

94


1

 
  Отырар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 23 мамырдағы
№ 187 қаулысына
3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Отырар ауданы ұйымдарының тізімі

р/с

Ұйым атауы

Жұмыскер- лердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскер- лердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Отырар ауданы білім бөлімінің "С.Әшіров атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

125

1

1


Барлығы

125


1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Отрарского района

Постановление акимата Отрарского района Туркестанской области от 23 мая 2019 года № 187. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 24 мая 2019 года № 5072. Утратило силу постановлением акимата Отрарского района Туркестанской области от 29 мая 2020 года № 137

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Отрарского района Туркестанской области от 29.05.2020 № 137 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 7), 8), 9) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат Отрарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации согласно приложению 1.

      2. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы согласно приложению 2.

      3. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования согласно приложению 3.

      4. Признать утратившим силу постановления акимата Отрарского района от 02 марта 2018 года № 40 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Отрарского района" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативно-правовых актов за № 4478, опубликованный 30 марта 2018 года в газете "Отырар алқабы" и в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 02 апреля 2018 года).

      5. Государственному учреждению "Аппарат акима Отрарского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления акимата направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Отрарского района;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Отрарского района после его официального опубликования.

      6. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А.Жунисову.

      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Е.Айтаханов

  Приложение 1
к постановлению акимата
Отырарского района
от 23 мая 2019 года № 187

Перечень организаций Отрарского района для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест для лиц состоящих на учете службы пробации

1

Государственное коммунальное казенное предприятие "Колледж № 20 имени Дауренбека Курманбека" управления образования Южно-Казахстанской области

140

1

1

2

Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Отырарского района" акимата Отырарского района

163

1

1


Барлығы

303


2

 
  Приложение 2
к постановлению акимата
Отырарского района
от 23 мая 2019 года № 187

Перечень организаций Отрарского района для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест для лиц освобожденных из мест лишения свободы

1

Государственное коммунальное предприятие "Отырар-Қызмет" акимата Отырарского района

94

1

1


Всего:



1

 
  Приложение 3
к постановлению акимата
Отырарского района
от 23 мая 2019 года № 187

Перечень организаций Отрарского района для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

1

Коммунальное государственное учреждение "Общая средняя школа имени С. Аширова" отдела образования Отырарского района

125

1

1


Всего:

125


1