Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 24.11.2021 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 301 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4197 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 4 қыркүйекте "Сарыағаш" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Суюбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Абдуалиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 30.12.2020 № 358 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскер-лердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 28 Абылай хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 192 | 3 | 6 |
2 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 134 | 3 | 4 |
3 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 20 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 125 | 3 | 4 |
4 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 60 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 264 | 4 | 11 |
5 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 2247 | 4 | 90 |
6 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 51 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 52 | 2 | 1 |
7 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 31 Т.Бигельдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 120 | 3 | 4 |
8 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 120 | 3 | 4 |
9 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 73 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 64 | 2 | 1 |
10 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 18 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 107 | 3 | 3 |
11 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 103 | 3 | 3 |
12 | Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "Сарыағаш ауданының № 4 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 120 | 3 | 4 |
13 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 58 Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 143 | 3 | 4 |
14 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 10 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 167 | 3 | 5 |
15 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 34 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 78 | 2 | 2 |
16 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 70 С.Байғозиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 102 | 3 | 3 |
17 |
Сарыағаш ауданы білім бөлімінің " № 17 | 117 | 3 | 4 |
18 | Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 1 Қажымұқан атындағы балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 62 | 2 | 1 |
19 | "Бес жұлдыз" бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 65 | 2 | 1 |
20 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 117 | 3 | 4 |
21 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 29 Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 2 | 2 |
22 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 7 Төлеби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 102 | 3 | 3 |
23 | "Жазәсем" бөбекжай-бала бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 52 | 2 | 1 |
24 | "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 164 | 3 | 5 |
25 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 16 И.В.Панфилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 132 | 3 | 4 |
26 | "Ақ тілек" емдеу-оңалту кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 107 | 3 | 3 |
27 | "АРАЙ КОМФОРТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 101 | 3 | 3 |
28 | "Арман Санаторийі" акционерлік қоғамы | 145 | 3 | 4 |
29 | "Сарыағаш" Емдеу-оңалту кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 387 | 4 | 15 |