Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 5989 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 24 қарашадағы № 396 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 24.11.2021 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 11 наурызда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданының әкімі М. Отаршиев

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
"30" желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 358 қаулысына қосымша
  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 15 қаңтардағы
№ 17 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйымның атауы

Жұмыскер-лердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 28 Абылай хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

192

3

6

2

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

134

3

4

3

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 20 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

125

3

4

4

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 60 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

264

4

11

5

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

2247

4

90

6

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 51 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

7

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 31 Т.Бигельдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120

3

4

8

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120

3

4

9

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 73 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

64

2

1

10

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 18 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

107

3

3

11

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

3

3

12

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "Сарыағаш ауданының № 4 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120

3

4

13

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 58 Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

143

3

4

14

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 10 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

167

3

5

15

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 34 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

2

2

16

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 70 С.Байғозиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3

3

17

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің " № 17
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

117

3

4

18

Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 1 Қажымұқан атындағы балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2

1

19

"Бес жұлдыз" бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

65

2

1

20

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

117

3

4

21

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 29 Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

96

2

2

22

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 7 Төлеби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3

3

23

"Жазәсем" бөбекжай-бала бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

52

2

1

24

"Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

3

5

25

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 16 И.В.Панфилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

132

3

4

26

"Ақ тілек" емдеу-оңалту кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

107

3

3

27

"АРАЙ КОМФОРТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

101

3

3

28

"Арман Санаторийі" акционерлік қоғамы

145

3

4

29

"Сарыағаш" Емдеу-оңалту кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

387

4

15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады