Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 24.11.2021 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 17 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен белгіленген мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшерінде:
реттік нөмірі 1-жолда "Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)" деген бағандағы "188" деген сандар "160" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолда "Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)" деген бағандағы "216" деген сандар "200" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда "Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)" деген бағандағы "139" деген сандар "135" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолда "Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)" деген бағандағы "2128" деген сандар "2098" деген сандармен ауыстырылсын, "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "85" деген сандар "84" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14-жолда "Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)" деген бағандағы "166" деген сандар "156" деген сандармен ауыстырылсын, "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 16-жолда "Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)" деген бағандағы "133" деген сандар "130" деген сандармен ауыстырылсын, "Жұмыс орындарының саны (адам)" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын.
2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Абдуалиев |