Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 09.01.2020 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Созақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыз № 93 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4495 тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуір "Созақ үні" газетінде 2018 жылғы 13 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. "Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің орынбасары Б. Айдарбековке жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Полатов |
Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 108 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскер- лердің тізімдік санынан) | Пробация қызметінің ебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары- ның саны |
1. | Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Созақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 920 | 1 | 4 |
2. | КАЗАТОМПРОМ "SAURAN" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1119 | 1 | 1 |
3 | "КАРАТАУ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 510 | 1 | 1 |
Барлығы: | 2549 | 6 |
Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 108 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйыматауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердіңтізімдік санынан) | Бас бостандығы- нан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Созақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 920 | 1 | 1 |
Барлығы: | 920 | 1 |
Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 108 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымныңатауы | Жұмыскерлердіңтізімдік саны | Квотаныңмөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Созақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 920 | 1 | 1 |
920 | 1 |