Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 30.12.2020 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 108 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5010 тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. "Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Полатов |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 1 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 25.08.2020 № 292 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары- ның саны |
1 | "Сауда-көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Орталықтандырылған автотасымалдау базасы" филиалы | 753 | 0,1 | 1 |
2 | "Казатомпром -SAURAN" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1091 | 0,1 | 1 |
3 | "Оңтүстік тау-химиялық компаниясы" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 951 | 0,2 | 2 |
4 | "Қазақстандық-француздық "Катко" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1200 | 0,2 | 2 |
5 | "ИНКАЙ бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 737 | 0,3 | 2 |
6 | "ҚАРАТАУ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 600 | 0,3 | 2 |
7 | "АППАҚ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 331 | 0,5 | 2 |
8 | "ОРТАЛЫҚ" Өндіруші кәсіпорыны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 532 | 0,2 | 1 |
9 | "Русбурмаш-Казақстан" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 745 | 0,2 | 1 |
10 | "Волковгеология" Акционерлік қоғамының филиалы "№ 5 Геологиялық барлау экспедициясы" | 543 | 0,2 | 1 |
11 | "Волковгеология" акционерлік қоғамы "Оңтүстік ВГ" филиалының № 7 Экспедициясы | 1094 | 0,1 | 1 |
12 | "Уранқуат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Таукент филиалы | 274 | 0,4 | 1 |
Барлығы: | 8851 | 17 |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 1 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 25.08.2020 № 292 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Бас бостандығы- нан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Оңтүстік тау-химиялық компаниясы" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 951 | 0,1 | 1 |
2 | "Қазақстандық-француздық "Катко" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1200 | 0,1 | 1 |
3 | "ИНКАЙ" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 737 | 0,1 | 1 |
4 | "Русбурмаш-Казақстан" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 745 | 0,1 | 1 |
5 | "Сауда-көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Орталықтандырылған автотасымалдау базасы" филиалы | 753 | 0,1 | 1 |
Барлығы: | 4386 | 5 |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 1 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 25.08.2020 № 292 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскер лердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Сауда-көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Орталықтандырылған автотасымалдау базасы" филиалы | 753 | 0,1 | 1 |
2 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Созақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 981 | 0,1 | 1 |
Барлығы: | 1734 | 2 |