"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" қағидаларының 4-тармағына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген және аудан әкiмiнiң 2019 жылғы 20 наурыздағы № 7-1194 мәлімдемесіне сәйкес, Төлеби аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қажеттiлiктi ескере отырып, 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит берілсін.
2. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | C. Кулманов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Н. Қойбағаров |