Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 28.06.2019 № 42/2-06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түлкібас ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2. Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 19/405 "Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2381 тіркелген, 2013 жылы 25 қазанда "Шамшырақ" газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/10-05 "Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 19/4-05 "Түлкібас ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2968 тіркелген, 2015 жылы 30 қаңтарда "Шамшырақ" газетінде және 2015 жылғы 3 ақпанда Қазастан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Сапаров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Сейсенбаев |