Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 20.09.2024 № 16/123-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары:
әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 05.05.2022 № 15/131-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
қандастар;
экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 31.05.2023 № 3/15-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 31.05.2023 № 3/15-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сессия төрағасы | Г. Чемоданов |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Головатюк |