"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 16/123-VIII Шешімге қосымша |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6281 болып тіркелген);
2. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/482-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7711 болып тіркелген);
3. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 15/131-VIІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27982 болып тіркелген);
4. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/15-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8857-16 болып тіркелген).