Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.04.2020 № 52/378-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 – бабының 5 - тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, бюджет қаражаты есебінен 11,733 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31104 (отыз бір мың жүз төрт) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 03.03.2020 № 49/337-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:
1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;
2) жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) әлеуметтік қолдауды алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, қызмет берушіге немесе ауылдық округ әкіміне еркін нысанда жазылған өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады;
3) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
4) әлеуметтік қолдауды тағайындаудан бас тартуға:
көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Семей қаласынан тыс ауылды жерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда жыл ішінде екінші рет жүгінуі негіз болады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 03.03.2020 № 49/337-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Р. Хазипов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Ақжалов |