"Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 39/272-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 49/337-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 наурызда № 6772 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/378-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.04.2020 № 52/378-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Семей қаласының мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 39/272-VI "Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6033 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 28 маусымда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Бірінші абзац 1-тармақ болып саналсын;

      1-тармақ 2-тармақ болып саналсын;

      1 тармақтағы "8 АЕК мөлшерінде (сегіз айлық есептік көрсеткіш)" сөздері "11,733 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31104 (отыз бір мың жүз төрт) теңге мөлшерінде;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) әлеуметтік қолдауды алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, қызмет берушіге немесе ауылдық округ әкіміне еркін нысанда жазылған өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы С. Родионов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады