Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.04.2020 № 52/379-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде, 2014 жылғы 7 мамырдағы "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінің № 35-36 сандарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде бір рет көрсетіледі. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек қаржы жылына бір рет тағайындалады. Амбулаториялық ем қабылдау сатысындағы туберкулезбен ауыратын науқастар үшін әлеуметтік көмек ай сайын көрсетіледі.";
7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
7-1 тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;
8 тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
1) тармақшасының бірінші абзацты мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 15 ақпан – Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан шығару күні:";
6) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7 ) тармақшамен толықтырылсын:
"7) 1 қазан – Қарттар күні:
80 және одан жоғары жастағы тұлғаларға– 1,6 айлық есептік көрсеткіш.".
13-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 13-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтініш береді".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Б. Қайрамбаев |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Ақжалов |