РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аталған қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Аталған қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Аталған қаулының 3 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. "Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте қамтамасыз ету;
1) аталған қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;
2) аталған әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жолдау;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде аталған қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдау;
4) аталған қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет - желісінде орналастыру.
5. Аталған қаулының 4 қосымшасына сәйкес Курчатов қаласы әкімдігінің қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
6. Аталған қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.
7. Аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Оңдақанов |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 941 қаулысына 1 қосымша |
2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының "Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Байкал" филиалы | 319 | 1% | 3 |
2 | "Компания "Балапан Көлігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 409 | 1% | 4 |
3 | "Курчатов Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 138 | 1% | 1 |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 941 қаулысына 2 қосымша |
2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының "Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Байкал" филиалы | 319 | 1% | 3 |
2 | "Компания "Балапан Көлігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 409 | 1% | 4 |
3 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 363 | 1% | 4 |
4 | "Курчатов Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 138 | 1% | 1 |
5 | Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 129 | 1% | 1 |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 941 қаулысына 3 қосымша |
2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының "Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Байкал" филиалы | 319 | 1% | 3 |
2 | "Компания "Балапан Көлігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 409 | 1% | 4 |
3 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 363 | 1% | 4 |
4 | "Курчатов Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 138 | 1% | 1 |
5 | Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 129 | 1% | 1 |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 941 қаулысына 4 қосымша |
Курчатов қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қауыларының тізімі
1. Курчатов қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 538 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5482 тіркелген, 2018 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 21 ақпанда "Мой край" газетінде жарияланған);
2. Курчатов қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 539 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5483 тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 21 ақпанда "Мой край" газетінде жарияланған);
3. Курчатов қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 758 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының Курчатов қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-3-127 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2018 жылғы 13 тамызда электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2018 жылдың 15 тамызда "Мой край" газетінде жарияланған);
4. Курчатов қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 759 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының Курчатов қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-3-128 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2018 жылғы 13 тамызда электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 15 тамызда "Мой край" газетінде жарияланған).