"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынаң босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Курчатов қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 759 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 31 шілдеде № 5-3-128 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 28.01.2019 № 941 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынаң босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5482 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2018 жылдың 16 ақпанында, "Мой край" газетінде 2018 жылдың 21 ақпанында жарияланған) Курчатов қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 538 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынаң босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қала әкімі А. Оңдақанов

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "10" шілдедегі
№ 759 қаулысына
қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынаң босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

№ р/н

Ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің атауы

Жұмыскерлер саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмыскер-лерінің тізімдік санынан)

Жұмыс орындарының саны, адамдар

1

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің "Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның құрылымдық бөлімдері

1626

1

16

2

"Балапан көлігі" Компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

424

1

4

3

Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігінің "Геофизикалық зерттеулер институты" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

363

1

4

4

"Курчатов Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

138

1

1

5

Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы пайдалану кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

129

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады