Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 21.05.2020 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 54 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5538 тіркелген, 2018 жылғы 6 сәуірде "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының; "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 205 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-176 тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының; "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 54 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 226 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-192 тіркелген, 2019 жылғы 11 қантарда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2019 жылғы 11 қантарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Ж. Селихановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | О. Булавкина |
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "4" наурыз № 74 қаулысына 1 – қосымша |
2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Тәрбиеленушілер саны (адам) | Айына бір тәрбиеленушіге кететінмектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, теңге | Бір айдағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге 3 жасқа дейін | Бір айдағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге 3 жастан- 7 жасқа дейін | |||
Барлығы | Оның ішінде: | Оның ішінде: | ||||||
Толық күн келу | Жарты күн келу | Толық күн келу | Жарты күн келу | |||||
1. | "Коростели орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 25 | - | 21023 | - | 9800 | 10000 |
2. | "Краснопол орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 41 | 41 | - | 20845 | - | 9800 | 10000 |
3. | "Комаров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 18 | 18 | - | 20023 | - | 9800 | 10000 |
4. | "Новопокровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 25 | - | 20697 | - | 9800 | 10000 |
5. | "Камышенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 20 | 20 | - | 22283 | - | 9800 | 10000 |
6. | "Переменовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 21 | 21 | - | 29523 | - | 9800 | 10000 |
7. | "Жерновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 | 8 | - | 51792 | - | 9800 | 10000 |
8. | "Жалпы білім беретін Михайличенково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 20 | 20 | - | 44175 | - | 9800 | 10000 |
9. | "Киров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 14 | 14 | - | 31583 | - | 9800 | 10000 |
10. | "Песчанка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 20 | 20 | - | 23537 | - | 9800 | 10000 |
11. | "Красный Яр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 16 | 16 | - | 38849 | - | 9800 | 10000 |
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "4" наурыз № 74 қаулысына 2 - қосымша |
2019 жылға арналған балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Тәрбиеленушілер саны (адам) | Айына бір тәрбиеленушіге кететін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, теңге | Бір айдағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге 3 жасқа дейін | Бір айдағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге 3 жастан-7 жасқа дейін | |||
БАРЛЫҒЫ | Оның ішінде: | Оның ішінде: | ||||||
Толық күн келу | Жарты күн келу | Толық күн келу | Жарты күн келу | |||||
1 | "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімі аппаратының "Солнышко" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 201 | 201 | - | 25159 | - | 9600 | 9800 |
2 | "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімі аппаратының "Тополек" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 201 | 201 | - | 22548 | - | 9600 | 9800 |
3. | "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі әкімі аппаратының "Балдәурен" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 204 | 204 | - | 16719 | - | 9600 | 9800 |