Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 15.12.2023 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 – бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі бақсару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 – бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-8-154 тіркелген, "Пульс района" аудандық газетінде 2018 жылғы 25 мамырдағы жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қ. Бичуиновқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | О. Булавкина |
Келісілді:
Бородулиха аудандық мәслихат | |
Хатшысы | У. Майжанов |
2019 жылғы ________________
Сессия төрағасы | У. Эфендиев |
2019 жылғы ________________
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "23" қазандағы № 289 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарының, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, оның ішінде дефектолог-мұғалім (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), логопед-мұғалім, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, педагог-психолог, қосымша білім беру педагогы, вожатый, тәрбиеші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене шынықтыру (негізгі қызметтер) жөніндегі нұсқаушы, музыкалық (негізгі қызметтер) жетекші, өндірістік оқыту шебері, нұсқаушы, психолог, медбике, диеталық бике.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет), барлық атаудағы (негізгі қызмет) әдіскер, барлық атаудағы әртіс, музыкалық жетекші, хореограф, режиссер, көркемдік жетекші, дыбыс операторы, дыбыс режиссері, аккомпониатор, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімі.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
дәрігер, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық санитар.