Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 337 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 192-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 – бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі бақсару туралы" Заңының 31 – бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес, азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Абай облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімнің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі
      А. Ибраев

 

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бородулиха аудандық

      мәслихатының төрағасы

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 337 Каулысына
1 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы және басшысының орынбасары, бөлімше меңгерушісі.

      2. Мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері.

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 337 Каулысына
2 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары.

      2. Мамандар: кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаулардың методисті (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер, көркемдік жетекші, дыбыс инженері, аккомпаниатор, мұғалім.

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 337 Каулысына
3 қосымша

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулыларының тізбесі

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-154 болып тіркелген);

      2. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 289 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6228 болып тіркелген);

      3. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6735 болып тіркелген);

      4. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 411 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7987 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады