Бородулиха ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 339 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 6335 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 416 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 13.12.2021 № 416 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодекстің 56-бабының 1-тармағының 3) тармақшысына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 4-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын: 

      1)  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2)  даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

      3) көп балалы отбасылардың балаларына;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

      2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:

      1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) (мемлекеттік) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламлар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.

      Ауданның мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.       

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен соң күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Бородулиха ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Ж. Селихановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап баратын тәрбиеленушілерге қолданылады.

      аудан әкімі О. Булавкина

Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Бородулихинскому району

Постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 28 ноября 2019 года № 339. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 29 ноября 2019 года № 6335. Утратило силу - постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 13 декабря 2021 года № 416

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 13.12.2021 № 416 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание ИЗПИ.

      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 14) пункта 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320 "Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь", акимат Бородулихинского района Восточно – Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Организовать бесплатное питание для следующих категорий воспитанников дошкольных организаций образования:

      1) детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей;

      2) детям с ограниченными возможностями в развитии, детям – инвалидам;

      3) детям из многодетных семей;

      4) детям из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума.

      2. Бесплатное питание организуется воспитанникам дошкольных организаций образования при предоставлении следующих подтверждающих документов:

      1) письменного заявления в произвольной форме родителей или лиц, их заменяющих;

      2) копии справки об утверждении опеки (попечительства), патронатного воспитания – для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, воспитывающихся в семьях;

      3) справки об инвалидности – детям-инвалидам или копии медицинского заключения психолого-медико-педагогической  консультации – для детей с ограниченными возможностями в развитии;  

      4) копии свидетельства о рождении для детей из многодетных семей;  

      5) справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям государственной адресной социальной помощи, предоставляемой государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области", для детей из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи;

      6) сведений о полученных доходах (заработная плата работающих родителей или лиц их заменяющих, доходы от предпринимательской деятельности и других видов деятельности, доходы в виде алиментов на детей и других иждивенцев) – для детей из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума. Право на бесплатное питание в период воспитания в дошкольных организациях образования для детей из семей, имеющих право на получение адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, должно подтверждаться ежегодно предоставлением документов в дошкольные организации образования согласно подпунктам 5) и 6) пункта 2 настоящего постановления.

      Финансирование затрат на организацию бесплатного питания в дошкольных организациях образования района осуществляется из местного бюджета на соответствующий финансовый год.

      3. Государственному учреждению "Отдел образования Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Восточно-Казахстанской области;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории Бородулихинского района;

      3) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акима Бородулихинского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима района Селиханова Е.Ж.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на воспитанников, посещающих дошкольные организации образования с 1 сентября 2019 года.

      аким района О. Булавкина