"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бородулиха ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 339 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6335 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бородулиха ауданы әкімі | К. Бичуинов |