РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық испекторының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 925 ұсынысы негізінде, Дмитриевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің Дмитриевка ауылы, Боровое ауылы елді мекендерінде ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруын сауықтыру бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс – шаралары алынсын.
2. "Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу шараларын белгілеу туралы" Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-160 тіркелген, 2018 жылғы 21 шілдеде "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 28 маусымда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2)осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн
ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн
ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы
әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырыуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дмитриевка ауылдық | |
округінің әкімі | М. Нұркешев |