Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс – шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 21 маусымда № 5-8-160 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің 19.02.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 – 1 бабының 7-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 31 мамырдағы № 365 ұсынысы негізінде, Дмитриевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің Дмитриевка ауылы, Боровое ауылы елді мекендерінде ірі қара мал арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық- санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары енгізілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дмитриевка ауылдық
округінің әкімі
М. Нұркешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады